Актер Олжас Абайдың бұрынғы жұбайы, әнші Айора жалдамалы пәтерде тұрып жатқанын айтты. Оның сөзінше, ұлдарының әкесі оларға баспана алып беруге уәде еткен, деп хабарлайды ult.kz.
Әнші баспана мәселесінің қашан шешілетінін білмейтінін жеткізді. Дегенмен ол бұрынғы жұбайы ұлдарының жағдайын жасайды деп үміттенеді.
“Әкесі қай уақытта үй алып беретінін білмеймін. Енді қаншалықты сөзінде тұратынын да білмеймін. Ол мен үшін емес, ұлдары үшін жағдай жасайды деп ойлаймын”, – деді Айора.
Айора бұл мәселені 2025 жылғы қарашада “Менің өмірім” бағдарламасына берген сұхбатында да қозғаған еді. Сол кезде ол пәтерақысын өзі төлейтінін, ал Олжас Абайдың ай сайын алимент аударып тұратынын айтқан.
Олжас Абай мен Айораның Алтайыр және Әл-Фараби есімді екі ұлы бар. Әнші жуырда Instagram парақшасында ұлдарының шаштаразға барған сәтін бөлісіп, екеуі де шаш үлгісін өздері таңдайтынын жазған.
Айта кетейік, Дариға Бадықованың экс-күйеуінің жүдеу жүзі елді алаңдатты.
Олжас Абай кім?
Олжас Абай (Жанабеков) — қазақстандық актер әрі әнші. Ол 1991 жылы туған. 2011 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын тәмамдап, кейін Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында жұмыс істеген.

Көрерменге “Қара шаңырақ” телехикаясы мен “Брат или брак” комедиясы арқылы танылды. Сондай-ақ “Сиситай”, “Класстастар” фильмдеріне түсті. 2023 жылы жарық көрген “Таптым-ау сені” комедиясында Дариға Бадықовамен бірге ойнады.

Олжас Абай мен бұрынғы жұбайы, әнші Айораның Алтайыр және Әл-Фараби есімді екі ұлы бар.