Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Дариға Бадықованың экс-күйеуінің жүдеу жүзі елді алаңдатты

Дариға Бадықованың экс-күйеуінің жүдеу жүзі елді алаңдатты
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы жұбайы, актер әрі продюсер Дархан Мұсаевтың жүдеу көрінген келбеті жұрт назарын аударды. Өнер иесінің сыртқы бейнесіне алаңдағандар оның жағдайын білгісі келген, деп хабарлайды ult.kz.

Дархан Мұсаев соңғы уақытта шығармашылық жұмысына ден қойып жүр. Актерлікпен қатар, кино өндірісіне араласып, продюсер ретінде де еңбек етіп келеді. Әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жобалары туралы хабарлап, ән мен терме орындаған бейнежазбаларын бөліседі. Қазанда оның домбырамен терме айтқан видеосы да жұрт назарына іліккен еді.

Қазір Мұсаев продюсерлік еткен “Сүйемін деші” фильмінің көрерменге жол тартатыны белгілі болды. Malim.kz бұған дейін хабарлағандай, туынды 1 желтоқсаннан бастап еліміздің кинотеатрларында көрсетіледі. Фильм махаббат пен сағынышты, әзіл мен күтпеген оқиғаларды арқау етеді. Картина 16 жастан асқан көрерменге арналған.

Туындыда Тұңғышбай Жаманқұлов, Ақниет Орынтай, Әмірхан Оразбақ, Эльмира Қалбай, Қуандық Жүнісов және өзге де актерлер ойнайды. Режиссері – Ардақ Бәлтаев. Дархан Мұсаев пен Олжас Рахымғазы фильмнің продюсерлері болса, бас продюсері – Хайрол Мархаба. 

Дархан Мұсаев кім? 


Дархан Мұсаев көрерменге “Күйеу бала” телехикаясы арқылы таныс. Бұл жобада ол Дариға Бадықовамен бірге ерлі-зайыптылардың рөлін сомдаған.

Оның шығармашылық жолы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрымен де байланысты. Актер театр сахнасында “Дон Сезар де Базан” қойылымындағы Капитан рөлін орындаған.

Бұған дейін Мұсаев Дариға Бадықовамен ажырасқанын өзі хабарлаған болатын.

Оның айтуынша, екеуі 2008 жылғы 11 тамызда заңды некеге тұрып, 16 жыл бірге өмір сүрген. Ал 2024 жылдың күзінде некелерін бұзған. Өнер иесі бұл туралы 2025 жылы көпшілікке мәлімдеген.