Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Бір жарым ай іздеген: Қарағанды облысында жоғалған әйелдің мәйіті табылды

Бір жарым ай іздеген: Қарағанды облысында жоғалған әйелдің мәйіті табылды
Фото: freepik

Қарағанды облысында 2 қазанда хабар-ошарсыз кеткен 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, оның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған, деп хабарлайды ult.kz.

Полицияға әйелдің жоғалғаны туралы арыз 2 қазанда түскен. Арада бір айдан астам уақыт өткенде, 13 қарашада оның мәйіті Теміртау қаласынан 22 шақырым жерден табылды.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды. Ол марқұммен бірге тұрған, алайда екеуінің арасында ресми неке болмаған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істің барысын облыстық полиция департаментінің басшылығы жеке бақылауына алған.