Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

ҚазҰУ-да тағы бір студент көз жұмды: күдікті ұсталды

ҚазҰУ-да тағы бір студент көз жұмды: күдікті ұсталды
ашық дереккөз

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде тағы да студент өлімі тіркелді. География және табиғатты пайдалану факультетінің бірінші курс студенті қаза тапты. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға алдында студенттер арасында төбелес болған, деп хабарлайды ult.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған. Күдікті ұсталды.

Әзірге студенттің нақты қандай жағдайда көз жұмғаны белгісіз. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Университеттің баспасөз қызметі марқұмның ата-анасы мен жақындарына көңіл айтып, құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады. Оқу орны істің жан-жақты әрі әділ қаралуына қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Сонымен қатар университет өкілдері қоғамды марқұмның отбасына құрметпен қарап, ресми расталмаған ақпаратты таратпауға шақырды.

Еске салайық, бұған дейін де ҚазҰУ студентінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын. Ал Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сол оқиғаға байланысты пікір білдіріп, университет басшылығы марқұмның отбасына қажетті көмек көрсеткенін айтқан еді.