Ақтөбе қаласында жеке тұрғын үйге қарулы шабуыл жасалып, 49 жастағы ер адам қаза тапты. Бетперде киген белгісіз адам үйден ақша мен бағалы заттарды, сондай-ақ автокөлікті алып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды ult.kz.
Қайғылы оқиға 16 қарашада болған. Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл кезінде 1977 жылы туған ер адам атыс қаруынан жарақат алып, көз жұмған.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.
Полицияның хабарлауынша, қазір күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстау үшін тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.
Құқық қорғау органдары тұрғындарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.