Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде География және табиғатты пайдалану факультетінің бірінші курс студенті қайтыс болды. Алматы полициясы аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, күдіктіні ұстаған, деп хабарлайды ult.kz Qumash Телеграм арнасына сілтеме жасап.
Университет әкімшілігі марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Алайда қайғылы оқиғаның мән-жайы мен себебі әзірге жарияланған жоқ.
Айта кетейік, осыдан тура 10 күн бұрын ҚазҰУ қалашығында Журналистика факультетінің бірінші курс студенті көз жұмған еді. Шымкенттен Алматыға оқуға келген 18 жастағы Жанельдің өліміне қатысты да қылмыстық іс қозғалған.
Қазіргі уақытта марқұмның туыстары сараптама нәтижесін күтіп отыр.