Қазақстанда жыл басынан бері автокөліктерге қосымша жанармай бактарын заңсыз орнатудың 595 дерегі анықталды. Олардың жалпы сыйымдылығы 159,5 тоннаға жеткен, деп хабарлайды ult.kz.
ІІМ мәліметінше, заңбұзушылықтардың басым бөлігі Жамбыл, Түркістан және Қостанай облыстарында тіркелген. Атап айтқанда, Жамбылда – 386, Түркістанда – 119, Қостанайда 80 дерек анықталған.
Заңсыз жабдық орнатқан жүргізушілер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы бойынша жауапқа тартылып, айыппұл салынды. Қосымша бактар көліктерден алынды.
Бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов жанармайды шетелге заңсыз шығаруға тосқауыл қою үшін шекарадағы бақылауды күшейтуді тапсырған болатын.