Көліктегі полиция қызметкерлері оңтүстік өңірлерден Астанаға есірткі жеткізу арнасын әшкереледі. Күдікке ілінген екі адам ұсталды, деп хабарлайды ult.kz.
Биыл қазан айында «Түркістан – Павлодар» бағытындағы пойыздың 39 жастағы жолсерігі қолға түсті. Оның үйін тінту кезінде 5 келіден астам гашиш тәркіленді.
Жедел-іздестіру шаралары барысында есірткіні жеткізді деген күдікпен 33 жастағы Жамбыл облысының тумасы да ұсталды. Тергеу нұсқасы бойынша, ол бұл әрекеті үшін ақша алған.
Тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны 18 миллион теңгеден асады.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір іске қатысы болуы мүмкін өзге де адамдар анықталып жатыр.