ҚазҰУ-да қайғылы оқиға: журналистика факультетінің бірінші курс студенті көз жұмды

ҚазҰУ-да қайғылы оқиға: журналистика факультетінің бірінші курс студенті көз жұмды

Қайғылы оқиға 6 қараша күні кешкі уақытта әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттер қалашығында болған, деп хабарлайды ult.kz.

Оқиға салдарынан журналистика факультетінің бірінші курс студенті қаза тапты. Алматыға білім алу мақсатында Шымкент қаласынан келген бойжеткеннің өлімі қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызды.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері келген. Студент қыздың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Студенттер арасында қайғылы жағдайға қатысты түрлі болжамдар айтылуда. Олардың арасында бойжеткеннің өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін деген нұсқа да бар. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.