8 қарашада ауа райы қандай болады?

8 қарашада ауа райы қандай болады?
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

8 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде жауын-шашын күшейеді, деп хабарлайды ult.kz.

Ел аумағында жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста көктайғақ күтіледі.

Астанада күн құбылмалы болып, кешке қарай жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы −5…−3 градусқа дейін төмендеп, күндіз +7…+9 градусқа көтеріледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр болады.

Алматыда жауын-шашынсыз, ала бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде +5…+7, күндіз +18…+20 градус жылы болады. Оңтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғады.

Шымкентте де жауын-шашын болмайды. Түнде +10…+12 градус болса, күндіз ауа +24…+26 градусқа дейін жылынады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метрге жетеді.