БҚО-да мұнаралы кран құлап, бір жұмысшы қаза тапты

БҚО-да мұнаралы кран құлап, бір жұмысшы қаза тапты

Қайғылы оқиға бүгін сағат шамамен 10:00-де Придорожная көшесінде болған, деп хабарлайды ult.kz.

Куәгерлердің айтуынша, кран құлағаннан кейін аспанға қалың шаң көтерілген. Оқиға кезінде кранның кабинасында адам болған.

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті оқиға орнында жұмысшының қаза тапқанын растады.

Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тергеушілер қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайларын анықтап жатыр.