Қазақстандық әзілкеш Данияр Жұмаділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында хабарлады, деп хабарлайды Ult.kz.
«„Ерен еңбегі үшін“ медалімен марапатталу – мен үшін үлкен мәртебе. Мұны шығармашылық жолымдағы еңбегім мен жетістіктерімнің бағалануы деп білемін», – деп жазды әзілкеш.
Медальді оған Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев табыстаған.