Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Қазақстанда шетелдік жұмыртқа жеткізіліміне шектеу қойылды

Қазақстанда шетелдік жұмыртқа жеткізіліміне шектеу қойылды
Almaty-akshamy.kz

Қазақстанға тауық жұмыртқасын әкелуге 2026 жылғы 13 қарашадан бастап екі айға уақытша тыйым енгізілді. Шектеу барлық көлік түріне, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен жеткізілетін өнімдерге де қатысты, деп хабарлайды ult.kz.

Тиісті бұйрыққа Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 12 қарашада қол қойған.

Дегенмен тыйым Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттік тасымалдарға қолданылмайды. Сондай-ақ бұйрық күшіне енгенге дейін экспортқа ресімделген және Қазақстанға жолданған жұмыртқа партияларын тиісті кедендік декларация болған жағдайда әкелуге рұқсат етіледі.

Бұған қоса, шектеу енгізілгенге дейін ел аумағына нақты жеткізілген өнімдерге де ерекшелік қарастырылған. Ол үшін тауардың келгенін растайтын ілеспе жүкқұжат ұсынылуы қажет.

Бұйрық 2026 жылғы 13 қарашадан бастап күшіне енді.