Алаштанушы бетперде киген адамның кім екенін жария етті

Алаштанушы бетперде киген адамның кім екенін жария етті
Коллаж: ult.kz

Алаштанушы ғалым Сұлтан Хан Аққұлы қоғамда кеңінен танылған бетперделі қайырымдылық жасаушының кім болуы мүмкін екені туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ult.kz.

Ол Adal ADAM YouTube арнасына берген сұхбатында ұзын бойлы, бетперде тағып жүріп қайырымдылық жасайтын азаматтың әрекеті көпшілікке үлгі екенін атап өтті. Ғалымның айтуынша, бұл адамның танымал әнші Димаш Құдайберген болуы мүмкін деген болжамы бар.

«Менің ойымша, ол – Димаш Құдайберген болуы ықтимал. Немесе оның атынан осындай игі істермен айналысып жүрген жақын адамы шығар. Қалай болғанда да, мұндай қайырымдылық қоғамға жақсы өнеге көрсетеді. Бүгінде өзгенің қамын ойлап, үнсіз көмек көрсететін азаматтардың бары қуантады», – деді Сұлтан Хан Аққұлы.

Сонымен қатар ғалым қайырымдылықпен айналысып жүрген азаматтың нақты кім екені әзірге белгісіз екенін, бұл тек өзінің жеке пікірі екенін жеткізді.