Әйеліне сес көрсеткен депутаттың видеосы тарады (ВИДЕО)

Әйеліне сес көрсеткен депутаттың видеосы тарады (ВИДЕО)
Коллаж: видеодан кадр

Алтай өлкесінде депутаттың мас күйде жанжал шығарған видеосы жұртты шулатты, деп хабарлайды ult.kz.

Әлеуметтік желілер мен жергілікті Telegram-арналарда тараған бейнежазбада Каменск аудандық жиналысының депутаты Роман Беляковтың мас күйінде үйінде жанжал шығарып, әйеліне қоқан-лоқы көрсеткені байқалады. Кадрларда оның ашуға булығып, үйдегі жиһаздарды сындырып жатқаны көрінеді.

Видеода депутат өзін ешкім жауапқа тарта алмайтынын айтып, әйеліне өзінің биліктегі қызметін алға тартып, қысым көрсеткені де жазылған.

«Банкфакс» агенттігінің мәліметінше, аталған оқиғадан кейін Каменск аудандық жиналысының депутаттары әдеп жөніндегі комиссияның отырысын өткізіп, Роман Беляковтың әрекетіне құқықтық әрі этикалық баға беру мәселесін қарастырмақ.

Айта кетейік, әнші әрі тележүргізуші Аша Матай Ұлттық құрылтай депутаттығына кандидат ретінде тіркелуіне қатысты қоғамда туындаған қызу пікірталастардан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады.