414-тен келген код: алаяқтардың арбауына түскен қарияны полиция аман алып қалды

414-тен келген код: алаяқтардың арбауына түскен қарияны полиция аман алып қалды
Polisia.kz

Атырауда полицейлер интернет-алаяқтардың құрбаны болуға шақ қалған зейнеткерді қаржылық шығыннан сақтап қалды, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz жазуынша, қаланың 69 жастағы тұрғынына белгісіз адам хабарласып, өзін домофон жүйесіне қызмет көрсететін маман ретінде таныстырған. Ол 1414 нөмірінен келген растау кодын сұрап алған. Артынша өзін банк қызметкері ретінде таныстырған тағы бір адам зейнеткердің атына Kaspi Bank арқылы 2 миллион теңге көлемінде несие рәсімделіп жатқанын айтып, сеніміне кіруге тырысқан.

«Қазақтелеком» АҚ мен полицияның бірлескен іс-қимылы нәтижесінде күмәнді жағдай дер кезінде анықталды. Оқиға туралы ақпарат алған Атырау облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел әрекет етті.

Тексеру барысында зейнеткердің WhatsApp арқылы өзін банк қызметкері ретінде таныстырған белгісіз тұлғамен сөйлесіп жүргені белгілі болды. Полицейлер түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, алаяқтардың әрекетін тоқтатты. Нәтижесінде тұрғын 2 миллион теңге көлеміндегі қаржылық шығыннан аман қалды.

Полиция азаматтарға бейтаныс адамдарға SMS арқылы келген кодтарды, банк картасының деректерін және жеке мәліметтерді бермеуге кеңес береді. Күмәнді қоңырау немесе хабарлама түскен жағдайда әңгімені бірден тоқтатып, 102 нөміріне хабарласу қажет.