Freedom Inside '26

32 жыл бұрын зорланып, бала босанған әйел жылап тұрып сұхбат берді (ВИДЕО)

32 жыл бұрын зорланып, бала босанған әйел жылап тұрып сұхбат берді (ВИДЕО)
Фото: Видеодан кадр

Наташа Қалымбетова Qasqajol YouTube арнасына алғаш рет көлемді сұхбат берді, деп хабарлайды ult.kz.

Ол сұхбат барысында басынан өткен қорқынышты күндер туралы айтты. Ол осыдан 2 ай бұрын әлеуметтік желіге басынан өткен оқиғаны баяндаған. Видео әлеуметтік желіде кең таралып, 1 күнге жетпей миллион қаралым жиған. Сол күні кешке Астана қаласынан ІІМ адамдары хабарласып, іс қозғалғанын, елге оралу керегін айтады. 

«Мені зорлағандарды танымаймын. Екеуі екі кластасымның ағасы, оларды жақсы білемін. Бірақ араластығым жоқ, Үшінші жігіттің аты-жөнін есіме түсіріп айттым, ал қалғанын білмеймін. Оның бәрін полиция қарап жатыр. Менің ішімді өртейтін бір нәрсе — қызымның қайда екенін бейхабармын. Ол шетел асты ма әлде органдарын тапсырып жіберді ме еш хабарым жоқ. Осыған дейін бұл туралы тек екі адамға айттым. Мен шарасыз болдым. Негізі әкемнің інісі «Балалар үйінде» қызмет еткен. Бірақ қанша тырыссам да ол кісіге беттеп, сұрай алмадым, өзі мені тартпайтын. Менің ойымша, сол ағам мен анам қызымның қайда екенін біледі. Қызымды қайда, қалай жібергенін ағам біледі. Менің білетінім қызым 3 жасқа дейін «Балалар үйінде» болды. Жаңа жылда босанған соң қараусыз қалдым. Ешкім іздеп келмейтін әйел, баласы «отказной» деген сөздер болды. 9 күн перзентханада жатып, ол жерден шығарып жібергенше қызымды еміздім. Сол жердегілер менің жағдайымды түсінетінін алайда үй-күйсіз, жұмыссыз студентке бала бермейтінін, есейіп есімді жиған уақытта қызымды алып кететінімді айтып, қолыма мекен жай жазылған қағаз ұстатты», - деді ол. 

Сондай-ақ Наташа Қалымбетова 32 жылдан кейін өзін кластасының үйінде зорлағанын, сол ұмытылмас күні не болғанын жылап отырып айтып берді.