Freedom Inside '26

3 жастағы бала әкесінің көлігін мініп кетіп, жантүршігерлік жағдайға ұшырады (ВИДЕО)

3 жастағы бала әкесінің көлігін мініп кетіп, жантүршігерлік жағдайға ұшырады (ВИДЕО)
Коллаж: ult.kz

Қырғызстанда үш жастағы екі бала ата-анасының Mercedes көлігін айдап кетіп, жұртты таңғалдырды, деп хабарлайды ult.kz.

Оқиға Ош облысында болған. Балалардың ата-анасы үйден әрі балаларының, әрі көліктің жоғалғанын байқап, дереу іздеуге кіріскен.

Белгілі болғандай, кішкентай «жүргізушілер» көлікпен біраз жер жүріп өтіп, жақын маңдағы жыраға жеткенде тоқтаған. Абырой болғанда, балалар ешқандай жарақат алмаған. Алайда көлікке зақым келген.

Көлік иесі әрі видеоны жариялаған азамат бұл оқиғаның өзіне үлкен сабақ болғанын айтты. Оның сөзінше, енді ол көлігін әрдайым құлыптап, кілтін балалардың қолы жетпейтін жерде сақтайтын болады.

Оқиға әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр. Көпшілік балалардың аман қалғанына қуанып, ата-аналарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.