Астанада 7 млн теңгенің дөңгелегін ұрлаған шетелдік жұмысшы ұсталды

Астанада 7 млн теңгенің дөңгелегін ұрлаған шетелдік жұмысшы ұсталды
Машина жасау саласында ең көп жалақыны кімдер алады?

Астанада 30-ға жуық автокөлік дөңгелегін ұрлап, сатып жіберген 23 жастағы шетел азаматы ұсталды. Келтірілген шығын көлемі 7 миллион теңгеге жуық, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, Байқоңыр аудандық полиция басқармасының мәліметінше, күдікті елордадағы дәмханалар желісінің бірінде жұмыс істеген. Мекеме қызметкерлері маусымдық дөңгелек ауыстыру жұмыстарынан кейін алынған дөңгелектерді қоймаға сақтауға қойған.

Қоймадағы мүліктердің орналасқан жерін жақсы білетін жұмысшы дөңгелектерді біртіндеп жасырын алып шығып отырған. Кейін сатып алушылар тауып, оларға қойма иесі үй-жайды босатуды тапсырғанын айтып, ұрланған мүлікті сатып жіберген. Түскен ақшаны жеке қажетіне жұмсаған.

Біраз уақыттан кейін автокөлік иелері дөңгелектерінің жоғалғанын байқап, полицияға шағымданған. Жалпы материалдық шығын 7 миллион теңгені құраған.

Қылмыстың әшкереленгенін білген күдікті Қазақстаннан шығып, өз еліне кеткен. Алайда жедел-іздестіру шаралары барысында оның елге қайта оралғаны анықталып, полиция қызметкерлері оны ұстады.

Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынған. Сондай-ақ оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.