Пробация талабын елемеген: Маңғыстауда шартты сотталған азамат түрмеге қамалды

Пробация талабын елемеген: Маңғыстауда шартты сотталған азамат түрмеге қамалды
Polisia.kz

Маңғыстау облысында пробация талаптарын бірнеше рет бұзған азамат бас бостандығынан айырылды. Ол белгіленген уақытта бақылау қызметіне келмей, рұқсатсыз басқа елдімекенге кетіп жүрген, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, Бейнеу аудандық соты ұрлық жасағаны үшін азаматты 5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған. Алайда жаза шартты түрде тағайындалып, ол пробация қызметінің бақылауына алынған.

Бақылау кезеңінде сотталған азамат өзіне жүктелген міндеттерді бірнеше рет бұзған. Атап айтқанда, пробация қызметіне уақытында келмеген, тұрғылықты мекенжайында болмаған және рұқсатсыз басқа елдімекенге кеткен.

Бірнеше рет ескерту жасалғанымен, ол заң талаптарын орындамаған. Осыған байланысты пробация қызметі шартты соттаудың күшін жою туралы сотқа ұсыныс енгізген.

Сот ұсынысты қанағаттандырып, азаматты бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.