Ақтөбе облысында бала күтіміне байланысты демалыста жүрген ер адам алимент берешегін есептеуге қатысты жеке сот орындаушысымен соттасты, деп хабарлайды ult.kz.
Ер адам 2024 жылдың ақпанынан бері бала күтімі демалысында болған. Жұмыс орны сақталғанымен, жеке сот орындаушысы оның қарызын Қазақстандағы орташа жалақы негізінде есептеген. Борышкер бұл шешіммен келіспей, сотқа жүгінген.
Сот жеке сот орындаушысының әрекетін заңсыз деп таныды. Өйткені бала күтімі демалысында жүрген азамат жұмыссыз болып саналмайды. Сонымен бірге мұндай демалыс алимент төлеу міндетінен босатпайды.
Сот берешекті ер адамның бала күтімі демалысына шыққанға дейінгі орташа жалақысы негізінде қайта есептеуді міндеттеді.
Шешім заңды күшіне енді.