Қазақстан Ұлттық Банкі 1 қарашаға арналған ресми валюта бағамдарын жариялады. АҚШ долларының бағамы 453,87 теңге болып белгіленді, деп хабарлайды ult.kz.
Ресми дерекке сәйкес, бір еуро 508,33 теңгеге тең. Ал Ресей рублінің бағамы 5,65 теңге болды. Осылайша, 100 доллардың ресми бағаммен есептелген құны 45 387 теңгені, 100 еуронікі 50 833 теңгені құрайды.
Ұлттық банк доллардың ресми бағамын қор биржасындағы сауда нәтижесіне сүйеніп белгілейді. Қалған валюталардың теңгеге шаққандағы құны халықаралық нарықтағы кросс-бағамдар арқылы есептеледі.
Ақша айырбастау орындарындағы сатып алу және сату бағамдары ресми көрсеткіштен өзгеше болуы мүмкін. Сондықтан валюта айырбастар алдында бірнеше пункттің бағасын салыстырған жөн. Бағам қалаға, айырбастау орнына және операция жасалған уақытқа қарай өзгеріп отырады.