«Жүктімін» деген анықтамасы жалған болып шықты: Ақтауда әйел қамауға алынды

«Жүктімін» деген анықтамасы жалған болып шықты: Ақтауда әйел қамауға алынды
Evanto

Ақтауда мас күйінде көлік жүргізген әйел қамауға алынбау үшін сотқа жалған жүктілік туралы анықтама ұсынған, деп хабарлайды ult.kz.

Маңғыстау облысының прокуратурасының мәліметінше, полиция әйелді көлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін ұстаған. Мұндай құқық бұзушылық үшін 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сотта әйел жүктілігі туралы дәрігер анықтамасын көрсеткен. Соның негізінде сот оны қамаудан босатып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырған.

Алайда прокуратура тексеру кезінде медициналық құжаттың жалған екенін анықтады. Прокурордың өтінішхаты бойынша облыстық сот алғашқы шешімді өзгертіп, әйелді 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы қаулы шығарды.

Жалған медициналық құжатты жасау және пайдалану фактісі бойынша медицина қызметкері мен әйелге қатысты Қылмыстық кодекстің 385-бабымен қылмыстық іс қозғалды.