Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

TikTok үшін тротуармен жүрген: Таразда 20 жастағы жүргізуші жазаланды

TikTok үшін тротуармен жүрген: Таразда 20 жастағы жүргізуші жазаланды
Polisia.kz

Таразда Lada көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілерге арналған тротуармен жүріп, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзды. Қауіпті әрекетін видеоға түсіріп, TikTok желісіне жариялаған 20 жастағы қала тұрғыны жауапқа тартылды, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде заңбұзушылықты анықтаған. Бейнежазбада көліктің тротуармен қозғалып, жаяу жүргіншілерге қауіп төндіргені көрінеді.

Тексеру барысында жүргізушінің қауіпті әрекетті ермек үшін жасағаны белгілі болды.

Полиция жол қозғалысы ережелерін сақтамау адам өміріне қауіп төндіретінін ескертті.