Алматыда коммуналдық қызметтер көшелер мен жолдарды тазалап, көктайғақтың алдын алу жұмыстарын күшейтті. Жолдар мен жаяу жүргіншілер аймақтары тұрақты бақылауда, деп хабарлайды ult.kz.
Қала тазалығына күн сайын 3 250 жұмысшы мен 1 225 арнайы техника жұмылдырылған. Қажет болған жағдайда қосымша 590 жұмысшы мен 612 техника тартуға дайын. Бұдан бөлек, 200 құрама жол машинасы әзір тұр.
«Қазгидромет» болжамынша, 16 қарашада Алматыда жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы +2…+4 градус болады.
Коммуналдық қызметтер ауа райын бақылап, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырып жатыр.