Ақмола облысының Зеренді ауданында К-700 тракторы аударылып, жүргізуші ауыр техниканың астында қалып қаза тапты. Қайғылы оқиға 14 қарашада Елікті ауылының маңында болған, деп хабарлайды ult.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, трактор аударылған кезде кабинада отырған ер адамды басып қалған. Жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, полиция апаттың мән-жайын анықтап жатыр.
Ал мемлекеттік еңбек инспекциясының мәліметінше, жұмыс беруші өндірістегі жазатайым оқиға туралы әзірге ресми хабарлама бермеген. Егер бұл талап орындалмаса, жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.