Ақтөбе облысының Хромтау қаласында қоғамдық орында әдепсіз әрекет көрсеткен ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол 5 тәулікке қамалды, деп хабарлайды ult.kz.
Polisia.kz мәліметінше, оқиға дәмханалардың бірінде болған. Ер адамның айналасындағыларға әдепсіз ишара көрсеткен сәті видеоға түсіп, әлеуметтік желілерде тараған.
Жазбаны зерделеген полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтады. Оның әрекеті ұсақ бұзақылық ретінде сараланып, іс материалдары сотқа жолданды.
Сот ер адамға 5 тәулік әкімшілік қамақ жазасын тағайындады.