Freedom Inside '26

«Зақымданбаған жері жоқ»: Қарағанды облысында 10 жастағы баланы тоқ соқты

«Зақымданбаған жері жоқ»: Қарағанды облысында 10 жастағы баланы тоқ соқты
Фото: әлеуметтік желі

Қарағанды облысында 10 жастағы баланы тоқ соқты, деп хабарлайды ult.kz.

Оқиға 1 маусым кешкі сағат 18:30 шамасында болған. 

«Менің інім электр бағанасына шыққан. Ол жерде балалар үнемі ойнап жүреді екен, дәл ойын алаңынан небәрі 2 метр жерде ғана тұр», - дейді баланың әпкесі Анастасия Рабиза. 

Бала ток соққанда құлап, көмекке ересектердің бірі келіп, бірден жасанды тыныс алу жаттығуын жасаған. 

Туыстарының айтуынша, жеткіншектің жүрегі тоқтап қалған. Жедел жәрдем оқиға орнына 7 минутта жеткен. 

Оқиға өткелі ол жерге ешбір маман келмеді, қоршалмады дейді зардап шеккен баланың туыстары. 

Облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғаған.