Әлеуметтік желіде Жапонияның басқа мемлекет азаматтарына деген құрметі сөз болып жатыр, деп хабарлайды ult.kz.
Желі қолданушыларының айтуынша, жапондықтар сол елде жүрген өзге мемлекеттің азаматтарына өз тілінде хабарлама жібереді екен. Мысалы, abdulla _zhaydak есімді желі қолданушысы:
«Жапон елінде жүрген қазақ жігіттің телефонына осындай хабарлама келген ғой. Жапонша түсінбей қалып қауіпті жерде қалып кетпеуін алаңдап, қазақ тілінде ескерту жіберген. Асқар Жұмаділда ағамыз: «Жапонда сөз бен істің арасы бір елі» деп текке айтпаса керек», - деп жазды.
Пікір бөліміне көптеген жылы лебіздер келді. Желідегілер:
«Қандай дамыған ел», «қазақша білмейтін қазақтарға ауыр тиеді», «Түсінігі өте терең. Айтып жеткізе алмаймын», «Біздікілер орыс тілінен аударып қоя салады» деп жарыса жазды.