Әлеуметтік желіде Нефтекумск қаласындағы бассейндердің бірінде орын алған келеңсіз жағдай туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды ult.kz.
Желі қолданушысының айтуынша, ол 3 жасар қызын бассейндегі жаттығуына ертіп келіп, күтіп отырған жерінен мекеме қызметкерлері оны сыртқа шығаруға тырысқан. Бұған оның хиджаб кигені себеп болған көрінеді.
Жәбірленушінің сөзінше, оған бассейн әкімшілігі мен медбике тарапынан қысым көрсетіліп, балағат сөздер айтылған. Ол өзінің суға түспейтінін, тек баласын күтіп отырғанын айтса да, мекеме қызметкерлері «шешінбесең, бұдан былай кіргізбейміз» деп талап қойған. Қазіргі уақытта бұл оқиға желіде қызу талқыланып жатыр.