Freedom Inside '26

Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1 943 адамға жетті

Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1 943 адамға жетті
Getty Images

Венесуэла Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригестің мәліметінше, табиғи апат салдарынан 1 943 адам қаза тауып, 10 571 адам жарақат алған. Қазірге дейін 50 мыңға жуық адам хабар-ошарсыз кеткен. Құтқарушылар 6 461 адамды аман алып шықса, 80 870 отбасыға гуманитарлық көмек көрсетілген, деп хабарлайды ult.kz. 

Жер сілкінісінен зардап шеккен 28 380 адам ауруханалар мен далалық медициналық лагерьлерде ем қабылдап жатыр. 

Апат салдарын жою жұмыстарына 26 мыңнан астам әскери қызметкер, 15 467 ерікті, сондай-ақ шетелден келген 3 660 құтқарушы жұмылдырылған. Іздеу-құтқару операциясына 186 із кесуші ит қатысып жатыр. 

Олардың арасында бұған дейін Сирия мен Түркиядағы жер сілкіністерінен кейін іздеу жұмыстарына қатысқан 9 жастағы Цунами есімді бордер-колли де бар. Ит Венесуэлада қираған ғимараттардың астынан 100-ге жуық адамды табуға көмектескен. 

Сонымен қатар, апаттан кейінгі алтыншы күні иорданиялық құтқарушылар Ла-Гуайра қаласындағы үйінді астынан үш жастағы баланы тірі алып шықты. Ол сол күні табылған жалғыз тірі адам болды.