Freedom Inside '26

Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1 430 адамға жетті

Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1 430 адамға жетті
ТАСС

Венесуэла билігінің мәліметінше, елге жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмектесу үшін 1600-ден астам шетелдік құтқарушы келді. Алдағы тәулікте іздестіру-құтқару топтары мінген тағы 25 халықаралық рейс күтілуде, деп хабарлайды ult.kz. 

Ең көп зардап шеккен Ла-Гуайра штатында кемінде 100 ғимарат қираған немесе қатты зақымданған. Аймақта құтқару жұмыстарын жеделдету үшін 14 мыңға жуық әскери қызметкер мен полиция жұмылдырылып, апат аймағына кіру уақытша шектелді. 

Ресми мәлімет бойынша, жер сілкінісінен 1430 адам қаза тапқан. Ал оппозиция құрған арнайы платформада 54 мыңнан астам адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында тіркелген. 

БҰҰ алдын ала бағалауынша, табиғи апаттан шамамен 7 миллион адам зардап шеккен. Келтірілген экономикалық шығын - 6,7 миллиард доллар.