Turkish Airlines әуе компаниясының ұшағын басқарған пилот Сиэтлден Стамбұлға бағыт алған рейс кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды ult.kz РБК Новости-ке сілтеме жасап
Airbus A350 ұшағының командирі Ильчехин Пехливан әуе кемесі ұшып келе жатқан кезде өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Экипаж мүшелері пилотқа дереу алғашқы медициналық көмек көрсеткенімен, оның жағдайын тұрақтандыру мүмкін болмаған.
Осыдан кейін экипаж ұшақты шұғыл түрде қондыру туралы шешім қабылдаған. Алайда пилотты құтқару мүмкін болмады — ол әуе кемесі қонардан бұрын көз жұмды.
Ұшақ Нью-Йоркке сәтті қонды.
Ильчехин Пехливан 59 жаста болған. Ол Turkish Airlines компаниясында 2007 жылдан бері жұмыс істеген. Әуе компаниясының мәліметінше, пилот 8 қазанда міндетті медициналық тексеруден өткен. Тексеру барысында оның денсаулығына қатысты қандай да бір мәселе анықталмаған.
Turkish Airlines марқұм пилоттың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.