Үш әйелі, тоғыз баласы бар блогер бар шындығын жайып салды

Үш әйелі, тоғыз баласы бар блогер бар шындығын жайып салды
Фото: әлеуметтік желі

Үш әйелі, тоғыз баласы бар блогер қаржылық қиындық туралы айтып, сынның астында қалды, деп хабарлайды ult.kz.

Қазақстандық блогер Бауыржан Бақытжанұлы әлеуметтік желіде отбасының қаржылық жағдайы туралы айтқан мәлімдемесінен кейін қызу талқыға түсті.

Блогер видеоларының бірінде қазіргі таңда отбасындағы басты мәселе қаржы тапшылығы екенін айтқан. Бұл сөздерден кейін желі қолданушылары көп әйел алған ер адам өз отбасын толық қамтамасыз етуге міндетті екенін айтып, сынға алды.

Кейін Бауыржан Бақытжанұлы сөздерінің контекстен жұлынып алынғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, балалардың мектеп пен балабақшаға баруына байланысты шығындар көбейіп, отбасы үнемдеуге көшкен. Сондай-ақ блогер мұндай қаржылық қиындық қазіргі уақытта көптеген отбасына ортақ мәселе екенін атап өтті.

Ол екінші рет 2017 жылы үйленгенін айтып, сол кезде сатушы болып жұмыс істеп, күніне 4000 теңге табыс тапқанын және жалдамалы үйде тұрғанын жеткізді. Блогердің сөзінше, екінші әйел алуды алғаш болып бірінші жұбайы ұсынған.