Freedom Inside '26

Ұлынан таяқ жеген 90-дағы қария сұхбат берді (ВИДЕО)

Ұлынан таяқ жеген 90-дағы қария сұхбат берді (ВИДЕО)
Фото: Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде экс-полицей ұлының қорлығына шыдаған қарияныі видеосы тарады, деп хабарлайды ult.kz.

Журналист Жұлдыз Қайратқызы қариядан сұхбат алып, әлеуметтік желіге жүктеді.

«Маңдайымнан салып қалды. Түнде кіші дәретке барғым келіп, шығайын десем, тағы айқайлайды. “Бармайсың, қайда?” деп. Менің бар ойым, әжетхананын жанындағы сөреде ине-жіп тұратын құты бар еді. Соның ішінде қайшы болатын. Сол қайшыны алып қашуға әрекеттендім», - дейді ақсақал.

Айта кетейік, Атырау облысының Қызылқоға ауданына қарасты Сарыөзек ауылында егде жастағы тұрғынға қатысты зорлық-зомбылық фактісі болуы мүмкін деген ақпарат қоғамда алаңдаушылық туғызды

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауыл тұрғыны Эділхан Сисенов ұзақ уақыт бойы өз әкесіне күш көрсетіп келген. Осыған байланысты қарт кісі қазіргі уақытта туған қарындасының үйінде тұрып жатыр.

Ауыл тұрғындарының сөзінше, егде жастағы азаматтың денесінде көгерген іздер байқалады. Сондай-ақ оның жүруі қиындап, денсаулығының нашарлағаны айтылуда.

Жақындарының мәліметінше, қарт адамның ақыл-есі дұрыс, өз жағдайын толық түсінеді. Алайда ұзақ уақыт бойы көрген қысым мен зорлық оның денсаулығына кері әсер еткен болуы мүмкін.

Әзірге бұл жағдайға қатысты құқық қорғау органдары ресми түсініктеме берген жоқ.