Тұрсынбек Қабатовтың жары күйеуін келемеждегендерге жауап берді

Тұрсынбек Қабатовтың жары күйеуін келемеждегендерге жауап берді
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Айман Талғатқызы күйеуінің сырт келбетін келемеждейтін желі қолданушыларына жауап берді, деп хабарлайды ult.kz.

Ол әлеуметтік желіде әзілкешке қатысты кемсітетін сөздер жиі жазылатынын айтып, мұндай әрекетті көргенсіздік деп бағалады.

"Осы «жартыбас» деген сөзді жиі жазады адамдар. Сонда қалай? Бір қолы, аяғы, көзі жоқтарды да солай «жарты қол», «жарты аяқ» деп атай аламыз ба? Бұл не деген көргенсіздік? Алла денсаулықпен сынамасын ешкімді. Өзгені кемсітіп, мазақ қылуға ешкімнің құқығы жоқ. Ешкім мүгедек, ауру немесе соқыр боламын деп ойламайды, болғысы да келмейді", - деді Айман Талғатқызы.

Әзілкештің жұбайы адамның сырт келбеті мен денсаулығын мазақ етуге ешкімнің құқығы жоқ екенін атап өтті.

Айта кетейік, Тұрсынбек Қабатов туған күнін Оралда атап өтті.

Тұрсынбек Қабатов кім? 
 

Тұрсынбек Қабатов - қазақстандық әзілкеш, актер және тележүргізуші. Көпшілікке күнделікті өмірдегі жағдайларды, отбасылық қарым-қатынас пен қоғамдағы мәселелерді әзілмен жеткізетін сахналық қойылымдары арқылы танылған.

Ол «Әзіл әлемі» театрымен және «Өнер қырандары» ұжымымен байланысты шығармашылық жобаларға қатысқан. Сондай-ақ «Көңілді тапқырлар алаңы» — КТА жобасы арқылы жас әзілкештердің танылуына үлес қосқан.

Тұрсынбек Қабатовтың өнерінде қазақы қалжың, тұрмыстық тақырыптар және әлеуметтік сатира басым. Ол жеке концерттер өткізіп, түрлі телевизиялық ойын-сауық бағдарламаларына қатысып келеді.