Тұрсынбек Қабатов туған күнін Оралда атап өтті

Тұрсынбек Қабатов туған күнін Оралда атап өтті
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов туған күнін туған жері Оралда сыныптастарымен бірге атап өтті, деп хабарлайды ult.kz.

Өнер иесі бұл жолы мерекесін мектепте бірге оқыған достарының ортасында өткізген. Сыныптастары бас қосқан кешке өнердегі әріптестері де арнайы келіп, тосын сый жасаған.

Олардың қатарында әнші Нұрболат Абдуллин, әзілкеш Нұржан Төлендиев және әнші Заттыбек Көпбосынұлы бар. Қонақтар Қабатовты туған күнімен құттықтап, қуанышын бөліскен.

Айта кетейік, Тұрсынбек Қабатовтың жары оралдықтарға ренішін айтты. 

Тұрсынбек Қабатов кім?

Тұрсынбек Қабатов - қазақстандық әзілкеш, актер және тележүргізуші. Көпшілікке күнделікті өмірдегі жағдайларды, отбасылық қарым-қатынас пен қоғамдағы мәселелерді әзілмен жеткізетін монологтары арқылы танылған.

Ол «Әзіл әлемі» театры мен «Өнер қырандары» ұжымындағы өнерімен, сондай-ақ «Көңілді тапқырлар алаңы» жобасымен белгілі. Әзілкеш ел өңірлерінде концерт беріп, телевизиялық ойын-сауық бағдарламаларына қатысып жүр.

Тұрсынбек Қабатов Мөлдір Мұқановамен студент кезінде танысып, 2003 жылы шаңырақ көтерген. Бұл некеден бес баласы _ үш қызы мен екі ұлы бар.

2025 жылы Мөлдір Мұқанова журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында әзілкешпен заңды түрде ажырасқанын мәлімдеді. Ол бұрынғы жұбайын жақсы әке деп сипаттаған. Қабатов та балаларымен байланысын үзбегенін және оларды жақсы көретінін айтқан.