Telegram негізін қалаушы Павел Дуров iOS жүйесінің ескі нұсқасын пайдаланатын iPhone иелеріне кибершабуыл қаупі туралы ескертті. Оның айтуынша, зиянды сайтқа кірудің өзі жеке деректер мен аккаунттардың қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін, деп хабарлайды ult.kz.
Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров iOS жүйесінің ескі нұсқаларында жұмыс істейтін iPhone құрылғыларына қатысты киберқауіпсіздік мәселесіне назар аударды.
Оның айтуынша, операциялық жүйесі жаңартылмаған құрылғыларға зиянкестер шабуыл жасауы мүмкін. Мұндай жағдайда пайдаланушының жеке ақпараты мен аккаунттарына қол жеткізу қаупі туындайды.
«Егер сіздің iOS операциялық жүйеңіз сәл де болса ескірген болса, барлық деректеріңіз қауіп астында», – делінген хабарламада.

Кибершабуыл жасау үшін зиянды сайтты ашудың өзі жеткілікті болуы мүмкін. Бұл ретте жеке мәліметтермен қатар, пайдаланушының әртүрлі сервистердегі есептік жазбалары да қауіпке ұшырайды.
Осыған байланысты мессенджер аталған құрылғылардың иелеріне ескерту хабарламаларын жіберіп, телефон баптауларына кіріп, қолжетімді ең соңғы iOS жаңартуын мүмкіндігінше тезірек орнатуға кеңес береді.