Астанада адвокат қамауда отырған клиентін үйқамаққа ауыстыруға көмектесемін деп, одан 7 миллион теңге талап еткен. Ол мемлекеттік органдардағы байланыстарын пайдалануға уәде берген. Сот оны екі жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ult.kz.
Астанада адвокат клиентінен ірі көлемде ақша талап еткені үшін сотталды.
Тергеу мәліметінше, адвокат қамауда отырған әйелге қатысты бұлтартпау шарасын үйқамаққа ауыстыруға көмектесетінін айтып, қызметі үшін 7 миллион теңге сұраған. Ол бұл мәселені мемлекеттік органдардағы байланыстары арқылы шеше алатынын мәлімдеген.
Алайда әйел құқық қорғау органдарына жүгінген. Нәтижесінде адвокат ақшаны алу кезінде қылмыс үстінде ұсталды.
Сот үкімімен ер адам екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оған алты жыл бойы заңгерлік қызметпен айналысуға тыйым салынды.