Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Жамбыл облысында BMW жүргізушісі төрт рет жол ережесін бұзған

Жамбыл облысында BMW жүргізушісі төрт рет жол ережесін бұзған
ІІМ

Жамбыл облысында BMW 540 автокөлігінің жүргізушісі бірден төрт жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік айыптұраққа қойылды, деп хабарлайды ult.kz.

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы жол қозғалысы ережелерін бұзған BMW 540 автокөлігін анықтады.

Оперативтік басқару орталығының камераларына түскен көлік Жамбыл даңғылында тоқтатылды.

Тексеру барысында жүргізушінің көлік әйнектерін күңгірттегені, қауіпсіздік белдігін тақпағаны және жол таңбаларының талаптарын сақтамағаны анықталды. Сонымен қатар автокөліктің міндетті техникалық байқаудан өтпегені белгілі болды.

Аталған құқықбұзушылықтар бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал BMW автокөлігі айыптұраққа жіберілді.