Шығыс Қазақстан облысында Рахман қайнарына апаратын жол бойындағы Пихтовка өзені арқылы өтетін көпірге сәулеттік жарықтандыру орнатылды. Биіктігі 45 метрге жететін нысан енді түнгі уақытта ерекше көрініске ие болды, деп хабарлайды ult.kz.
Шығыс Қазақстан облысында елдегі ең биік көпірлердің бірі саналатын Пихтовка өзені арқылы өтетін көпірге сәулеттік жарықтандыру жүйесі орнатылды.
Көпір Рахман қайнарына апаратын автожолдың бойында орналасқан. Құрылыс нысанының ұзындығы – 175 метр. Ал қоршаған жер бедерінен ең биік нүктесіне дейінгі биіктігі 45 метрге жетеді. Бұл шамамен 15 қабатты ғимараттың биіктігімен бірдей.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, аталған көпір Қазақстандағы ең биік көпірлердің қатарына кіреді.
Енді қараңғы түскен уақытта арнайы жарықтандыру көпірдің құрылымын айқындап, оны айналадағы таулы табиғат аясында ерекше көрсетеді.
Жаңа сәулеттік жарықтандыру көпірдің түнгі келбетін өзгертіп, өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға да үлес қосады.