Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Алматы 2-ші ЖЭО-да алғашқы газ турбинасы іске қосылды

Алматы 2-ші ЖЭО-да алғашқы газ турбинасы іске қосылды
Энергетика министрлігі

Алматы 2-ЖЭО-да бу-газ қондырғысының алғашқы турбинасы іске қосылды. Қалған екі газ турбинасын желтоқсан айында іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ult.kz. 

25 қарашада Siemens Energy компаниясы өндірген газ турбинасы сәтті тұтатылды. 30 қарашада электр энергиясын желіге беру жоспарланған. 

Жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде жаңа станция электр желісіне 557 МВт электр қуатын және 957 Гкал жылу энергиясын бере алады. 

Жобаның Алматы қаласындағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін маңызы ерекше. Станция газға толық көшкеннен кейін ластаушы заттар шығарындылары жылына 37,1 мың тоннадан 2,7 мың тоннаға дейін, яғни 90 пайыздан астамға қысқарады деп күтілуде. Күкірт диоксиді мен көмір күлі шығарындылары толықтай жойылады.