Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Мөлдір Мұқан қызын туған күнімен құттықтады

Мөлдір Мұқан қызын туған күнімен құттықтады
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы, продюсер Мөлдір Мұқан қызы Айымның туған күнінен әсерлі сәттерді көпшілік назарына ұсынды, деп хабарлайды ult.kz.

Өнер иесі қызының жаңа жасын түн ортасында Астанадағы қазақы нақышта безендірілген мейрамханалардың бірінде қарсы алған. Айымды тосынсыймен қуантуға достары да арнайы келген.

Мөлдір Мұқан отбасылық қуаныштың ұмытылмас естелікке айналғанын айтып, мейрамхана ұжымына алғыс білдірді.

Желі қолданушылары да Айымды туған күнімен құттықтап, ақ тілектерін жаудырды. Олардың арасында танымал дизайнер Аида Кауменова да бар.

Айта кетейік, Жанаргүл Жаныаманова ел күтпеген ақпарат айтты. 

Мөлдір Мұқан кім?

Мөлдір Мұқан – қазақстандық әнші, продюсер, кәсіпкер әрі блогер. Көпшілікке танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы ретінде де жақсы таныс.

Негізгі мамандығы – экономист. Жоғары оқу орнын үздік дипломмен тәмамдап, 21 жасынан бастап мемлекеттік қызметте еңбек еткен. Кейін өнер саласына бет бұрып, балаларға арналған «ММ» өнер мектебін ашқан.

Продюсер ретінде жас өнерпаздардың шығармашылығын дамытуға атсалысып, әнші әрі домбырашы Ақтоты Болышевамен жұмыс істеген.

Кейінгі жылдары бала күнгі арманын жүзеге асырып, әншілікке ден қойды. Оның репертуарында «Өтірік», «Өмір сүр қалма елден» сынды әндер бар. Сондай-ақ 2025 жылы «Шәй в большом городе» фильмінің продюсері ретінде кино саласында бағын сынады.

Мөлдір Мұқан – бес баланың анасы. Тұрсынбек Қабатовпен ұзақ жыл отасқан өнер иесі 2025 жылы ажырасқанын жариялады.

Қазір ол жеке шығармашылығын дамытып, ән жаздырумен және жаңа жобалармен айналысып жүр. Әлеуметтік желіде отбасылық өмірі, бала тәрбиесі, әйелдің қоғамдағы орны және өмірлік ұстанымдары туралы жиі ой бөліседі.