Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

28 қарашадағы валюта бағамы қандай болды?

28 қарашадағы валюта бағамы қандай болды?
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Қазақстан Ұлттық банкі 28 қарашаға арналған шетел валюталарының ресми бағамын жариялады. Бүгін теңге негізгі шетел валюталарына қатысты нығайды, деп хабарлайды ult.kz.

АҚШ долларының ресми бағамы 458,13 теңгені құрады. Америка валютасы алдыңғы күнмен салыстырғанда 72 тиынға арзандады. Ал еуро 1,21 теңгеге төмендеп, 502,29 теңгеге бағаланды. 

Ресей рублінің бағамы 5,58 теңге болса, Қытай юані 68,85 теңгені құрады. Екі валютаның да құны тиісінше 1 және 5 тиынға төмендеді. 

Қазақстан қор биржасының (KASE) соңғы дерегіне сәйкес, доллар 458,22 теңгеге, еуро 503,03 теңгеге саудаланды. Айырбастау орындарындағы шетел валюталарын сатып алу және сату бағамдары ресми көрсеткіштерден өзгеше болуы мүмкін.