«Қазгидромет» мамандары 29 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Жексенбі күні еліміздің бірқатар өңірінде қар жауып, бұрқасын соғады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, деп хабарлайды ult.kz.
Астанада қар жауып, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде және күндіз –5…–7 градус шамасында болады. Алматыда жауын-шашын күтілмейді, тұман түседі. Түнде 0…+2, күндіз +6…+8 градус жылы болады. Шымкентте күн ашық, түнде +2…+4, күндіз +8…+10 градус жылы болады.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында күн суытады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарында да ауа температурасы біртіндеп төмендейді.
Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында ауа райы солтүстік өңірлерге қарағанда жылырақ болады. Алайда оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қар аралас жаңбыр жауып, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Синоптиктер қарашаның соңғы күні аяз күшейетінін болжап отыр.