Freedom Inside '26

«Туған нағашым жолымды жапты»: Асаубаева қазақ тілін неге білмейтінін жазды

«Туған нағашым жолымды жапты»: Асаубаева қазақ тілін неге білмейтінін жазды
Фото: әлеуметтік желі

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева спорттық азаматтығын ауыстыруының себебін түсіндіріп, қазақ тілін үйрену туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ult.kz.

- Білесіздер ме, мұны мойындағым келмесе де, өкінішке қарай, бұл шындық… Бүкіл мансабым барысында қазақтарға ең қиыны — өз азаматтарының жетістігіне қуанып, қолдау көрсету болды.

Маған «сен Ресей үшін өнер көрсеттің» деп жазады. Иә, бала кезімде, 12 мен 15 жас аралығында Ресей намысын қорғадым. Ал Қазақстанға бәрі басталмай тұрып-ақ, 2019 жылы оралдым, - деді ол. 

Ол спорттық азаматтықты ауыстыруының себебін (мен әрдайым Қазақстан азаматы болдым) қаржыландыруға байланысты емес деп түсіндірді. 

- Бұған менің туған нағашы ағам себеп болды. Ол түрлі кедергілер жасап, менің дамуыма тосқауыл қойды (ол Президент әкімшілігінде жұмыс істеген). Ол қызметінен кеткеннен кейін ғана біз елге оралып, бұл туралы ашық айттық. Ал мәселені сәл болса да мұқият зерттеген адамдар өздерін қатыгез ақымақтар сияқты ұстамас еді, – дейді шахматшы.

Қазақ тілі жөнінде Бибісара Асаубаева арнаға жазылғандардың бәрі өһінің жұмыс кестесін көретінін, 1 желтоқсаннан бері үйде бар-жоғы 12–15 күндей ғана болғанын айтады.

- Соған қарамастан, оқу-жаттығу жиындары кезінде тілді үйренумен айналыстым. Бірақ мұндай жеккөрушілік пен хейттің кесірінен оған деген ынта әр жолы азая түседі. Ал егер біздің министрлік шахматтың маңызды емес екенін айтудан және менің парақшама боттарды айдап салудан басқа ештеңеге қауқарсыз болса, онда олардың құны көк тиын», — деп жазды спортшы өзінің Telegram арнасында.