Темірлан Анарбековке қатысты қуанышты хабар тарады

Темірлан Анарбековке қатысты қуанышты хабар тарады
Фото: sport.kz

Қазақстандық қақпашы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік ойыншылары қатарына енді, деп хабарлайды ult.kz.

Танымал FlashScore статистикалық порталы «Қайрат» клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбековті 2025/2026 жылғы Чемпиондар лигасы маусымының символикалық құрамына қосты.

Үздік ойыншылар тізімінде әлемдік футбол жұлдыздары – Харри Кейн, Килиан Мбаппе, Ламин Ямаль және Хвича Кварацхелия секілді танымал футболшылар бар. Осы қатардан қазақстандық қақпашының да орын алуы жанкүйерлер үшін жағымды жаңалық болды.

FlashScore сарапшылары Анарбековтің жоғары бағаланған ойынын оның турнирдегі сенімді өнер көрсетуімен байланыстырды. Портал мәліметінше, «Қайрат» жарыстың жалпы кезеңінде төмен нәтиже көрсеткенімен, қақпаға бағытталған көп соққы қазақстандық қақпашының шеберлігін паш етуіне мүмкіндік берген.

«Анарбековтің ең жоғары рейтинг алған қақпашы атанатынын кім болжады? “Қайрат” жалпы кезеңді соңғы орында аяқтағанымен, дәл осы жағдай оның қабілетін көрсетуге жол ашқан болуы мүмкін», – деп жазды басылым.