Freedom Inside '26

47 жастағы күдікті ұсталды: полиция 30 млн теңгенің есірткісін тәркіледі

47 жастағы күдікті ұсталды: полиция 30 млн теңгенің есірткісін тәркіледі
Polisia.kz

Ақмола облысында полиция ірі есірткі жеткізу арнасының жолын кесіп, заңсыз айналымнан синтетикалық есірткінің ірі партиясын тәркіледі. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, тәркіленген заттардың қара нарықтағы құны шамамен 30 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды ult.kz.

Тексеру барысында облыстың 47 жастағы тұрғыны тыйым салынған заттарды сақтап, оларды буып-түюмен айналысқаны анықталған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті облыс орталығы аумағында ұсталды. Оның автокөлігін тінту кезінде психотроптық зат салынған екі полиэтилен пакет табылып, тәркіленді.

Тергеу барысында күдіктінің Көкшетауға синтетикалық есірткінің ірі партиясын жеткізіп, оны шағын мөлшерлерге бөліп, әрі қарай курьерлер арқылы таратуды жоспарлағаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстың барлық мән-жайы мен күдіктінің ықтимал сыбайластары анықталып жатыр.