Танымал имам тойда уағыз айтып, кейін жауапкершілікке тартылған қарияны жақтап шықты, деп хабарлайды ult.kz.
Имамның айтуынша, қарияның әрекеті заң аясында бағалануы тиіс. Ол қарияның сөздерінің астарында белгілі бір мән бар екенін айтып, оны жаппай сынауға қарсылық білдірді. Тіпті шариғат білетін адамдардың ғайбаттауын да сынады.
“Қария сөздерін айтылатын жерде айтпады, дұрыс емес сөздер қолданды. Адамға ұнамайтын сөздер қолданды. Бірақ шариғатты түсінетін адамдар неге ол сөздің астарына мән бермедіңдер. Оның сөзінің жаны бар”, - деді ол.
Айта кетейік, 66 жастағы қария тойда әйелдерді ұрғашыға теңеп, олардың ерлермен бірге отыруға болмайтынын айтқан еді.