Оқушылардың күз, қыс мезгіліндегі көше қауіпсіздігі

Оқушылардың күз, қыс мезгіліндегі көше қауіпсіздігі
ЖИ

Күз түсіп, күн қысқара бастады. Қараңғы ерте түсетін қыс та алыс емес. Осы орайда көп айтыла бермейтін, бірақ әр ата-ана үшін маңызды оқушылардың көшедегі қауіпсіздігі өзекті. 

Дамыған  Финляндия, Швеция, Жапония елдерінің оқушылардың  қысқы қауіпсіздігіне ерекше мән беретіндері ұнайды. Мәселен Финляндияда балаларға қараңғы уақытта жолдан өту, тайғақ жолда жүру жағдайларын үйретеді. Скандинавиялық қыс ұзаққа созылып, қараңғыдан жолдағы көрініс нашарлау себебінен  Финляндия, Швецияда оқушылардың киімдерінде жарық шағылысатын элементтер рефлекторлердің  болуы талап етеді. Жапонияда балаларға жолды бақылау, қауіпті жағдайларды алдын ала болжау бастауыш сыныптан оқытылады.

Бізге де қараңғы уақыттағы, күз, қыс маусымындағы көшелерде жүру қауіпсіздігін үйреткен жөн: 

Күзде жаңбыр кезінде тайғақ жолдармен жүрмеу, тұманды күндері аса сақ болу;

Қараңғыда қысқа жол іздеп, адам аз, белгісіз жолдармен жүрмеу, қауіп төнген жағдайда 112 нөміріне хабарласу және ата-анасының нөмірін жатқа білу;

Қыс кезінде су қатқан жерлерді айналып өту, ғимараттың шатырларынан құлауы мүмкін мұздардан сақтану, қар үйінділерінің арасымен жүрмеу және т.б. Одан бөлек оқушылардың киіміне жапсырып қоятын жарық элементтері біздің нарықта да бар. Сатып алып, әр балаға тағып қойған абзал. Ата-ана күн сайын баланың мектеп, үйірмеге қатынар жолын үйден шықпас бұрын анықтап, балаға ескертіп, келісу шарт.

Абзалында

Баланың қауіпсіздігі — тек баланың емес, ата-ана мен мектептің ортақ міндеті. Ата-ана баласына қауіпсіздік ережесін үйретсе, мектеп оны күнделікті тәрбие арқылы бекітіп отырса игі. Жолда жүру, қараңғыда көріну, қысқы тайғақтан сақтану баланың өмірлік дағдысына айналуы тиіс. Балаға жай ғана күнде “абай бол» деп ескерту жеткіліксіз. Оған қауіпсіз орта, дұрыс тәрбие және тұрақты дағды қалыптастыру  ғана нақты нәтиже бермек.